10 шілде күні таңертең Магадан облысының орталық бөлігінде 37 градус ыстықтан кейін қар жауды
Магадан облысының орталық аудандарында қар жауып, ауа температурасы нөлге дейін төмендеді. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі РИА Новости ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
10 шілде күні таңертең Магадан облысының орталық бөлігінде 37 градус ыстықтан кейін қар жауды. Бірер күн бұрын синоптиктер мен құтқарушылар облыс тұрғындарына нөсер жаңбыр жауып, жолдарды су шайып кетуі мүмкін екенін ескерткен.
Ресейдің Магадан облысы бойынша гидрометеорологиялық орталығының хабарлауынша, жазда бұл аймақта жыл сайын қар жауады деуге болады.
«Шынымен Магадан облысының орталық аудандарында жыл сайын дерлік жазда, оның ішінде шілдеде қар жауады. Биыл аймақта 37 градустан жоғары аптап ыстық болды. Қазір ауа температурасы нөлге дейін төмендеді», – дейді синоптиктер.