Ұлыбританияда 156 мектеп жабылды

Елде оқу жылы басталғанда мектептер жабылып жатыр

Админ
02/09/2023 - 21:17

Unsplash

Unsplash

Себебі ғимараттар адам өміріне "қауіпті" деп танылған, деп хабарлайды Sarbaz.kz 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Елдің Білім министрлігі авто-клавты бетоннан жасалған құрылыс материалдары сыр бергенін айтады. Бұл шешім өз кезегінде ата-аналардың ашуына тиді. Өйткені оқушылардың қайда барып білім алатыны нақтыланбаған. 

Айта кетерлігі, жыл басынан бері мектеп мұғалімдері бірнеше рет ереуілге шықты. Олардың айтуынша, инфляция жағдайында саланы қаржыландыру қысқарған. 

Ал тәуелсіз сарапшылар білім беру, денсаулық сақтау және көлік қызметкерлерінің ереуілдері келесі жылы өтетін ұлттық сайлау алдында Премьер-министр Риши Сунактың беделін түсірді деп санайды. 

Білім министрі Джиллиан Киганнің айтуынша, мектептердің жабылуы "уақытша мәселе".

Біз егжей-тегжейлі тексеріс жүргіземіз. Елде 22 500 мектеп бар. Оның 156-сы ғана қауіпті деп танылды. Сондықтан мәселені тез арада реттейміз, - дейді Ұлыбританияның білім министрі Джиллиан Киган.

Тегтер

×

Редакция

$ 476.27  515.47  5.41