Үрлемелі қайыққа мінген: Түркияның жағалауларында 80-нен аса мигрант құтқарылды

Мигранттар Жергілікті миграция істері жөніндегі басқармаға жеткізілді

Sarbaz.kz редакторы
03/07/2023 - 23:04

Фото. aa.com.tr

Фото. aa.com.tr

Түркияның солтүстік-батысындағы Чанаккале провинциясының Айваджык ауданындағы Эгей теңізінің жағалауында 84 заңсыз мигрант құтқарылды. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі «Анадолы» агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

1 шілде күні жергілікті уақыт бойынша сағат 04:50-де Түркияның Жағалау күзеті қызметіне Айваджык ауданының жағалауында бір топ босқын отырған үрлемелі қайықтың жүзіп бара жатқаны туралы сигнал түскен.

Тиісті ақпарат келіп түскеннен кейін бұл бағытқа Жағалау күзеті күштерінің TCSG-6 катері жөнелтілген.

Операция нәтижесінде 37 адам құтқарылды.

Екінші сигнал сол күні жергілікті уақыт бойынша сағат 12:24-те түседі. Бұған жедел шара қолданылып, KB-20 және KB-4304 катерлерімен аттанған құтқарушылар 47 заңсыз мигрантты дер кезінде тоқтатқан.

Тиісті процедуралар жүргізілгеннен кейін 84 заңсыз мигрант Жергілікті миграция істері жөніндегі басқармаға жеткізілді.

×

Редакция

$ 487.24  529.34  5.02