Ердоған Біріккен Ұлттар Ұйымына наразылық білдірді

Ол министрлер кабинетіндегі отырыстан кейін халыққа үндеу жасады

Нұрдәулет Кәкіш
23/08/2023 - 15:27

Фото ашық дереккөзден

Фото ашық дереккөзден

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Біріккен Ұлттар Ұйымы Бейбітшілік күштерінің Солтүстік Кипр Түрік Республикасының егемендігіндегі аймақтарға физикалық араласуын Түркияның  қабылдамайтынын айтты, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі TRT-ға сілтеме жасап.

Ердоған Анкарадағы Президенттік кешенде өткен министрлер кабинетіндегі отырыстан кейін халыққа үндеу жасады.

Сонымен қатар Ердоған БҰҰ бітімгерлік күштерінің гуманитарлық қажеттіліктерді шешуге үлес қосатын «Пиле жолы» жобасына тосқауыл қою әрекетіне қатысты былай деді:

«Өткен жұмада БҰҰ бітімгершілік күштері сарбаздарының Солтүстік Кипр Түрік Республикасының егемендігіндегі аумаққа физикалық араласуын біз қабылдамаймыз».

Сонымен қатар Түркия президенті Пиле ауылында тұратын кипрлік түріктердің туған жеріне жетуіне кедергі жасаған БҰҰ бітімгершілік күштері сарбаздарының бұл әрекеті заңды және гуманитарлық нормаларға сай келмейтінін жеткізді.

«Бейбітшілік күштері ауыл тұрғындарының ісіне араласуынан кейін жасаған орынсыз мәлімдемелерімен де өздерінің бейтараптығына нұқсан келтірді. Сонымен қатар абыройын айрандай төкті. Халықаралық құқықпен үйлеспейтін осы әрекеттердің кесірінен аймақтағы шиеленіс өкінішке қарай қайтадан ушыға түсті. Біз көршілерімізбен қарым-қатынасымызды өзара нығайтуға және арамыздағы мәселелерді шешуге тырысып жатқан кезде олардың бұлай араласуы дұрыс емес», – деді Ердоған.

Тегтер

×

Редакция

$ 475.39  513.37  5.4