Еуроодақ Қытайдың электромобильдеріне баж салығын көтеруі мүмкін

Бейжің айыппұл енгізілген жағдайда Брюссельге жауап қайтаратынын мәлімдеді

Нұрдәулет Кәкіш
13/06/2024 - 09:49

Фото: Lars Penning/dpa/picture alliance

Фото: Lars Penning/dpa/picture alliance

Германияның қысымымен қытайлық электромобильдерді субсидиялау төңірегіндегі дау-дамайға байланысты шілде айының басына дейін Еурокомиссия ҚХР билігімен және жекелеген автоөндірушілермен кедендік баждарды уақытша көтеру мәселесі бойынша келіссөздер жүргізеді. Соның нәтижесіне қарай айыппұлдар белгілі бір жағдайда 4 шілдеден кейін енгізілуі мүмкін. Бұл туралы Брюссельде мәлім болды, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі DW газетіне сілтеме жасап.

ГФР үкіметі мен Германияның автоконцерндері Еуропа Одағының қытайлық электромобильдерге айыппұл салығын енгізуі Қытаймен сауда қақтығысын тудырады деп секемденіп отыр.

Еурокомиссия 12 маусымда былтырғы күзден бастап жүргізілген тексеру негізінде Қытайдан барған электромобильдер «әділетсіз субсидиялау» арқылы нарықта артықшылықтарға ие болады деген қорытындыға келгенін хабарлады. Бұл еуропалық өндірушілерге «экономикалық қауіп» төндіруі мүмкін екені айтылды Брюссельде.

Егер Қытаймен келіссөздер сәтсіз болса, онда ҚХР-да өндірілген электромобильдерге баж салығы едәуір артуы мүмкін. Қазіргі уақытта олар он пайызды құрайды, бірақ BYD компаниясы үшін 17,4 пайызға дейін, Geely үшін 20 пайызға дейін, ал SAIC үшін 38,1 пайызға дейін көтерілуі ғажап емес.

«Егер Қытай билігімен келіссөздер шешім табуға мүмкіндік бермесе, онда 4 шілдеден бастап қамтамасыз ету кепілдіктері негізінде алдын ала өтемақы баждары енгізіледі», – делінген Еурокомиссия мәліметінде.

ЕО-ның әрбір мемлекеті осындай кепілдіктердің нысаны туралы мәселені өз бетінше шеше алатыны да айтылды.

ҚХР Сауда министрлігі ЕО тарапынан айыппұл салу қаупін қатты сынға алып, жауап қайтарылатынын мәлімдеді.

«Бейжің процесті одан әрі мұқият қадағалап, қытайлық фирмалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін барлық қажетті шараны батыл қабылдайды», – деді Қытай сауда министрлігінің өкілі.

Мәлімдемеде сонымен қатар Бейжіңнің Еуропа Одағының әрекетіне наразы екені, айыппұл салығын енгізуге «негіз жоқ» екені айтылған.

×

Редакция

$ 490.84  536.88  5.04