ЕО украиналықтарды уақытша қорғауды 2026 жылға дейін ұзартуы мүмкін

Ұсынысты ЕО Кеңесі қарастырады

Нұрдәулет Кәкіш
12/06/2024 - 09:19

Фото: Lukasz Kobus/European Commission

Фото: Lukasz Kobus/European Commission

Еуропалық комиссия ЕО-дағы украиндар үшін уақытша қорғауды 2026 жылдың наурызына дейін, яғни 2025 жылдың 5 наурызынан 2026 жылдың 4 наурызына дейін тағы бір жылға ұзартуды ұсынды. Брюссель департаменті мұны «қазіргі жағдайға қажетті және орынды жауап» деп атады. Еурокомиссия соғыстан қашқан Украина тұрғындары шабуылдың жалғасуына байланысты туған жерлеріне орала алмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі.

«Ресейдің азаматтық және өмірлік маңызды инфрақұрылымға қарсы шабуылдарының жалғасуына байланысты Украинада қазіргі уақытта қауіпсіз және ұзақ уақытқа оралу үшін ешқандай жағдай жоқ», – делінген Еурокомиссия жариялаған мәлімдемеде. 

Ведомствоның мәліметінше, соғыстан қашқан 4,2 миллион украиндық Еуропаны паналап жүр. Ұсыныстағы мақсат оларға «қазіргі жағдайдағыдай тұрақты сезіну» үшін босқындарға қорған болу аталып өтті. Брюссельде ЕО-ның тиісті Директивасы жедел қорғауды және белгілі бір құқықтарды, соның ішінде тұру, еңбек нарығына қол жеткізу, тұрғын үй, әлеуметтік, медициналық және басқа да көмек құқықтарын жүзеге асыруға мүмкіндік беретінін еске салды.

13 маусымда ЕО бұл ұсынысты Еуро Одақ Кеңесіне ұсынады.

Украинадан барған босқындарды уақытша қорғау туралы Директива ЕО-да Ресейдің елге басып кіруінен бірнеше күн өткен соң күшіне енді. Жүйе 1990 жылдар мен 2000 жылдардың басында Балқан соғыстарынан кейін жасалды. Оның мақсаты – ЕО аумағына босқындардың жаппай баруы кезінде баспана беру жүйелерінің шамадан тыс жүктелуіне жол бермеу. Шын мәнінде, соғыстан қашқан адамдар тез әрі бюрократиялық процедураларсыз сол елде тұруға рұқсат алады.

×

Редакция

$ 495.2  522.34  4.94