Жапония мұхитқа атом электр станциясынан су ағызу туралы шешім қабылдады

Кейбір ғалымдар мұндай қадамның ұзақ мерзімді салдары анық емес деп санайды

Sarbaz.kz редакторы
22/08/2023 - 16:26

Фото:  REUTERS / KYODO

Фото: REUTERS / KYODO

«Фукусима-1» АЭС реакторларын салқындату үшін пайдаланылған суды ағызу осы аптада бейсенбіде басталады, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі NHK телеарнасына сілтеме жасап.

«Үкімет (...) 24 тамыздан бастап су ағызуды бастау туралы шешім қабылдады», - деп хабарлады телеарна.

Киодо агенттігінің хабарлауынша, елдің премьер-министрі Фумио Кисида Жапония жергілікті балықшылардың қорқынышына және Қытайдың наразылығына қарамастан, бейсенбіде атом электр станциясынан мұхитқа су жібере бастайтынын мәлімдеді. Егер ауа райы жайлы болса, процесс басталмақ.

МАГАТЭ сарапшылары бұған дейін Жапонияның 2011 жылы цунамиден зардап шеккен АЭС-тің реакторларын салқындату үшін пайдаланылған суды мұхитқа төгу әрекеттері қауіпсіз болатынын айтқан болатын.

Естеріңізге салсақ, 2011 жылдың наурызында Жапонияның солтүстік-шығыс жағалауында цунами тудырған жер сілкінісі болған еді. Алып толқын «Фукусима-1» атом электр станциясына ауыр соққы жасаған. Мұны сарапшылар 1986 жылғы Чернобыль атом электр станциясындағы апаттан кейінгі ең үлкен апат деп бағалаған болатын.

2021 жылдың сәуірінде Жапония билігі арнайы өңдеуден кейін «Фукусима-1»-ден мұхитқа біртіндеп су ағызу жоспарын жариялады. Токионың шешімі көрші елдердің арасында, әсіресе, осы аймақта ауланған кез келген теңіз өнімдерінен бас тартады деп қорқатын балық аулау саласының өкілдері арасында үлкен наразылық тудырды.

Кейбір ғалымдар мұндай қадамның ұзақ мерзімді салдары анық емес деп санайды. Сондықтан суды төгуді кейінге қалдыру керектігін алға тартатындар да аз емес.

Тегтер

×

Редакция

$ 482.86  533.17  5.08