Boeing AH-64 Apache – 1980 жылдардан бері қолданылып келе жатқан АҚШ армиясының негізгі шабуылшы тікұшақтары
АҚШ мемлекеттік департаменті Польшаға AH-64 Apache шабуыл тікұшақтарын 12 миллиард долларға сату ісін мақұлдады, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі Пентагонға сілтеме жасап.
АҚШ Қорғаныс министрлігі бұл әлеуетті мәміле Варшаваға осы техникаға арналған жабдықтарды да жеткізетінін мәлім етті.
Шілде айында Польшаның Ұлттық қорғаныс министрі Мариуш Блащак Варшава шығыс шекарасын нығайту мақсатында Вашингтоннан 96 AH-64 тікұшағын сатып алатынын айтқан болатын.
Бұған дейін Блащак поляк ұшқыштары тамыз айының басында америкалық тікұшақтарды басқаруды үйрене бастайтынын, содан кейін поляк армиясына алғашқы сегіз Apache жеткізілетінін хабарлаған.
Boeing AH-64 Apache – 1980 жылдардан бері қолданылып келе жатқан АҚШ армиясының негізгі шабуылшы тікұшақтары.