Израильде министр Бени Ганц отставкаға кетті

Ол премьер-министр Беньямин Нетаньяхуды жаңа сайлау өткізуге шақырды

Нұрдәулет Кәкіш
10/06/2024 - 10:38

Фото: Nir Elias , Reuters

Фото: Nir Elias , Reuters

Израильдегі оппозиция жетекшілерінің бірі Бени Ганц премьер-министр Беньямин Нетаньяхудың әскери кабинетінен отставкаға кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі DW газетіне сілтеме жасап.  

«Нетаньяху бізге алға ұмтылуға, нағыз жеңіске жетуге (Газа секторындағы ХАМАС ұйымын жеңуге - Ред.) мүмкіндік бермейді», – деді Ганц телеарнада сөйлеген сөзінде.

Саясаткер үкіметтен кету туралы шешімді «қиын әрі ауыр» деп атады. Беньямин Нетаньяхудың басты саяси қарсыласы болып саналатын Ганцтың айтуынша, ол сегіз ай бұрын, яғни 2023 жылдың 7 қазанында ХАМАС-тың Израильге жаппай шабуылынан кейін құрылған әскери кабинеттегі министр қызметінен кету себебі елдегі және шешім қабылдау бөлмесіндегі жағдайдың өзгеруі.

Сонымен қатар Ганц Нетаньяхуды Газа секторындағы жеке саяси мүдделерді соғыстан кейінгі стратегияны әзірлеу қажеттілігінен жоғары қойды деп айыптады.

«Тағдырлы стратегиялық шешімдер саяси себептерге байланысты шешімсіздікпен және кідіріспен қабылданады», – деген оппозициялық саясаткер премьер-министрді алдағы айларда сайлау өткізуге шақырды. «Мен Нетаньяхуды келісілген сайлау күнін белгілеуге шақырамын. Біздің халқымыздың тарыдай шашылуына жол бермеңіз», – деп келтірді CNN Ганцтың сөзін.

×

Редакция

$ 523.58  549.71  5.01