Швейцария Украинаны қалпына келтіруге 5 миллиард доллар бөледі

Швейцария Украинаға экономикалық көмек көлемі бойынша елдер тізімінде 34-орында

Админ
07/06/2024 - 17:35

Фото: Liesa Johannssen/Reuters

Фото: Liesa Johannssen/Reuters

Швейцария Украинаны қалпына келтіру үшін 5 миллиард Швейцариялық франк немесе 5 миллиард доллардан астам қаражат береді. Бұл туралы Frankfurter Allgemeine Zeitung газетіне берген сұхбатында ел президенті Виола Амхерд айтты, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Швейцария өзінің бейтараптығына байланысты Киевке әскери көмек көрсете алмайды. Алайда Украинаны қалпына келтіруге 5 миллиард доллардан астам қаражат бөледі.

Сонымен қатар швейцариялық Луганода бейбітшілікті қалпына келтіру бойынша алғашқы конференция өтті. Швейцария Украинаға экономикалық көмек көлемі бойынша 41 мемлекеттің арасында 34-орында.

Бұған дейін Швейцария үкіметі цифрландыруды дамыту үшін Киевке 65,7 миллион доллар бөлетінін жариялаған болатын. 22 мамырда Халықаралық ынтымақтастық аясында Федералды кеңес Украинаға 2025-2028 жылдар аралығында 1,63 миллиард доллар бөлуді мақұлдады.

15-16 маусымда Швейцарияда бейбітшілік саммиті жоспарланған. Шақырылған қатысушылар қатарында: Үлкен жетілік, БРИКС, БҰҰ, ЕО, ЕҚЫҰ, Еуропа Кеңесінің мүшелері бар.

×

Редакция

$ 523.58  549.71  5.01