Зеленский: Украина соғысты аяқтау үшін аумақтық жеңілдіктерге жол бермейді

Зеленский Украинаның Ресеймен соғыста жеңіске жететініне сенім білдірді

Админ
07/06/2024 - 16:01

Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

Украина соғысты аяқтау үшін Ресейдің аумақтық жеңілдіктеріне келіспейді. Бұл туралы Украина президенті Владимир Зеленский Францияның Ұлттық жиналысында сөйлеген сөзінде мәлімдеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Зеленскийдің айтуынша, Украина мен Батыс оңайлықпен жеңіле салмайды. Ол Екінші дүниежүзілік соғыста одақтас күштері сенгендей, Украинаның жеңісіне сенім білдірді.

Украина президенті Француз нұсқаушыларын жіберу мүмкіндігі туралы «бұл біздің батылдығымызды қолдайтын қадам» деп мәлімдеді.

Владимир Зеленский Парижге Франция президенті Эммануэль Макронның шақыруымен Нормандиядағы Одақтас күштердің қонуының 80 жылдығына арналған салтанатты іс-шараларға қатысуға барды. Бұған дейін де Макрон

Украинаға француз әскери нұсқаушыларын жіберуді жоққа шығармаған.

Іс-шараларда Макрон Париждің Киевке бірнеше Mirage 2000-5 ұшақтарын беретінін, 4,5 мың украиналық әскери қызметкердің оқыту бағдарламасын бастайтыны туралы жариялады.

×

Редакция

$ 478.93  534.96  5.16