Солтүстік Корея көшбасшысы стратегиялық зымыранның ұшырылуын бақылады
Солтүстік Корея көшбасшысы дивизион кемелерінің соғысқа дайындығын тексеріп, теңізшілердің қызмет ету шарттарымен және әскери портты қайта құру жоспарымен танысты, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі Кореяның орталық телеграф агенттігіне сілтеме жасап.
КХДР жетекшісі күзет кемесінің бортынан стратегиялық круиздік зымыранның ұшырылуын бақылады.
«Елдің Әскери-теңіз күштерін дамыту бағытын берік ұстанамыз. Флоттың қару-жарағын жаңғыртуды жүзеге асырамыз», - деп атап өтті ол.