Байден мен Зеленский Францияда Украинадағы жағдайды талқылайды

АҚШ пен Украина президенттері одақтастардың Нормандияға қонғанына 80 жыл толуына арналған мерекелер алаңында кездеседі

Нұрдәулет Кәкіш
05/06/2024 - 14:32

Байденнің Францияға ұшу үшін бортқа көтеріліп бара жатқан сәті. Фото: Evan Vucci/AP/picture alliance

Байденнің Францияға ұшу үшін бортқа көтеріліп бара жатқан сәті. Фото: Evan Vucci/AP/picture alliance

АҚШ президенті Джо Байден Францияда Украина президенті Владимир Зеленскиймен одақтастардың Нормандияға қонғанына 80 жыл толуына арналған салтанатты шараларда кездесуді жоспарлап отыр. Бұл туралы АҚШ президентінің Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джейк Салливан 4 маусым, сейсенбі күні кешке (жергілікті уақыт бойынша) Парижге ұшқан Air Force One бортында мәлім етті, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі DW газетіне сілтеме жасап.

Салливанның айтуынша, Байден Зеленскиймен Украинадағы жағдайды және АҚШ Киевке қолдауды қалай жалғастырып, күшейте алатынын талқылауға ниетті.

Кеңесші АҚШ пен Украина президенттерінің тағы бір жеке кездесуі келесі аптада Италиядағы G7 саммиті аясында өтуі керек екенін атап өтті.

Украина Ресейдегі әскери нысандарға соққы беру үшін американдық қаруды қолданды ма деген сұраққа Салливан Украина Қарулы Күштерінің атынан сөйлегісі келмейтінін айтты. Ол Вашингтон украиналық сарбаздарды оқыту үшін Украинаға әскери кеңесшілер немесе нұсқаушылар жіберуді жоспарламайтынын түсіндірді.

Владимир Зеленский 6 маусымда Францияға екі күндік ресми сапармен барады. Бұл күні одақтастардың Нормандияға қонғанына 80 жыл толуына орай мерекелер өтеді.

7 маусымда Украина басшысын Елисей сарайында Франция президенті Эммануэль Макрон қабылдайды деп күтілуде. Макронның мерекелер аяқталғаннан кейін Джо Байденмен жеке кездесуі де жоспарланған.

Ресей 6 маусымда Францияда өткен еске алу шараларына қатысуға шақырылған жоқ.

4 маусымда Time журналы Джо Байденмен сұхбат жариялады. Онда Байден Ресейдің Украинаны ешқашан басып ала алмайтынын мәлімдеді.

Бұған дейін Джо Байден өзінің сайлауалды іс-шараларына байланысты Владимир Зеленскийдің шақыруын қабылдай алмайтынын және Швейцариядағы Украина бойынша бейбіт саммитке қатыса алмайтынын айтқан болатын.

АҚШ-тың атынан саммитке вице-президент Камала Харрис пен президенттің Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джейк Салливан қатысады.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91