Ирландия Украинаның әскери күштерін дайындықтан өткізеді

Ел Үкіметі ешқандай қару-жарақ бермейтінін нақтылады
 

Sarbaz.kz редакторы
21/08/2023 - 17:29

Фото ашық дереккөзден

Фото ашық дереккөзден

Ирландия Қарулы Күштерінің 30-ға жуық әскери қызметкері ЕО-ның бірлескен қауіпсіздік және қорғаныс саясаты миссиясының бөлігі ретінде үлкен еуропалық нұсқаушылар тобының құрамында Украинаның әскери күштерін Қарулы дайындықтан өткізеді. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі RTÉ басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Жаттығу бастапқыда «минадан тазарту, жауынгерлік медицина және басқа да өлімге әкелмейтін қолдауды» қамтуы керек еді, бірақ қазір ведомство әскерлер де атыс жаттығуларына жұмылдырылатынын айтты.
Өз мәлімдемесінде ел Үкіметі ешқандай қару-жарақ бермейтінін нақтылады.

«Ирландияның әскери бейтараптық саясаты біздің әскери одақтарға, бірлескен немесе өзара қорғаныс келісімдеріне қатыспауымызбен сипатталады. Сарбаздарға негізгі әскери дайындықты, оның ішінде көшбасшылық пен саптық дайындықты беру бұл әскери бейтараптық саясатына әсер етпейді», – деп атап өтті ел Үкіметі.
 

Тегтер

×

Редакция

$ 487.24  529.34  5.02