Бейжің Ұлыбританияның барлау қызметін тыңшылық жасады деп айыптады

Британдық барлау бұл хабарламаларға түсініктеме берген жоқ

Нұрдәулет Кәкіш
03/06/2024 - 16:59

Фото: GETTY IMAGES

Фото: GETTY IMAGES

ҚХР билігі MI-6 британдық барлау қызметін қытайлық мемлекеттік қызметкерлерді тыңшылық үшін жалдады деп айыптады. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі ВВС агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

ҚХР Мемлекеттік қауіпсіздік министрлігі Қытайдың WeChat мессенджеріндегі ресми арнасындағы хабарламасында МІ-6 жедел уәкілдері Ван (тегі) және оның әйелі Чжоу (тегі) деген қытайлық азаматтарды (олардың толық аты-жөні көрсетілмеген) жалдағанын хабарлады.

Екеуі де Қытайдың мемлекеттік мекемелерінің бірінің «негізгі құпия бөлімдерінде» жұмыс істеген.

Министрлік МІ-6 Ванға 2015 жылы Қытай-Британдық алмасу бағдарламасы аясында Ұлыбританияға оқуға барған кезде ұсыныс жасағанын мәлімдеді.

Министрліктің мәліметінше, Ұлыбританияда жедел уәкілдер оған «ерекше қамқорлық» көрсеткен. Мысалы, оның мүдделері мен әлсіз жақтарын жақсы түсіну үшін Ванды кешкі ас пен экскурсияға шақырған-мыс.

Британдық барлау бұл хабарламаларға түсініктеме берген жоқ. ВВС агенттігі түсініктеме алу үшін Ұлыбритания билігіне сауал жолдады.

Бұл жаңалық Ұлыбритания екі адамға Қытайдың пайдасына тыңшылық жасады деген айып тағылғаннан кейін бір ай өткен соң жария болды. Британдық полиция оларды «мақалаларды, жазбаларды, құжаттарды немесе ақпаратты» шет мемлекетке берді деп айыптады.

Қытай бұл айыптауларды «жала» деп атады.

Мамыр айында британдық полиция Гонконгтың барлау қызметіне көмек көрсетті деп айыптаған корольдік теңіз жаяу әскерінің бұрынғы қызметкері өлі күйінде табылғанын хабарлаған болатынбыз.

Тегтер

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85