АҚШ-тың мемхатшысы Израильдің бітімгершілік туралы ұсынысын мақұлдады

Энтони Блинкен Израильдің Газа секторында атысты тоқтату бастамасын жоғары бағалап, ХАМАС-ты бұл ұсынысты дереу қолдауға шақырды

Нұрдәулет Кәкіш
03/06/2024 - 12:18

Фото: Brendan Smialowski/REUTERS

Фото: Brendan Smialowski/REUTERS

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Израильдің Газа секторында атысты тоқтату режимін орнату туралы ұсынысын жоғары бағалады, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі DW газетіне сілтеме жасап.

«Израильдің Қорғаныс министрі Йоав Галлантпен және Бас штаб бастығы Бени Ганцпен телефон арқылы сөйлескен Блинкен Израильді бітімгершілікке дайындығы үшін мақтау айтып, ХАМАС қозғалысын Израиль бастамасын дереу қолдауға шақырды», – деп хабарлады АҚШ Мемлекеттік департаменті.

АҚШ президенті Джо Байден 31 мамырда күтпеген жерден Израиль Газа секторында бітімгершілік орнату және Израильдің кепілге алынғандарын босату туралы келіссөздерде жан-жақты келісім жасасуға дайын екенін мәлімдеді. Байден бұл бастаманы «тұрақты атысты тоқтату және барлық кепілге алынғандарды босату үшін жол картасы» деп атады.

Израиль мен ХАМАС арасында бірнеше ай бойы делдал болған АҚШ, Катар және Египет бір күн бұрын қақтығыстың екі жағын да Байден айтқан Израиль жоспары негізінде бітімгершілік келісімін жасауға шақырды.

ХАМАС бақылауындағы Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтеріне сәйкес, Газа секторында 36 мыңнан астам адам қаза тауып, 82 мыңға жуығы жарақат алған. Бұл деректерді тәуелсіз көздер бойынша растау мүмкін болмаған.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85