Норвегия Ресей азаматтарының турист ретінде елге кіруіне тыйым салды

Тыйым 29 мамырдан бастап күшіне енді

Нұрдәулет Кәкіш
29/05/2024 - 11:07

Фото: Lise Aserud/NTB/picture alliance

Фото: Lise Aserud/NTB/picture alliance

Ослоның 29 мамырдан бастап ресейлік туристердің Норвегияға кіруіне тыйым салуы өз күшіне енді. Сонымен қатар ресейліктерге Норвегия арқылы басқа да Еуропа елдеріне транзиттік сапарларға тыйым салынады. Норвегия үкіметі бұл туралы өткен аптада жариялады, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі DW газетіне сілтеме жасап.

Норвегия билігінің мәліметтері бойынша, тыйым студенттік немесе жұмыс визасы бар ресейліктерге, шекара тұрғыны куәлігінің иелеріне, Шенген аймағы елдерінде тұруға ықтиярхатқа, сондай-ақ Норвегияға туыстарына қонаққа баратындарға қолданылмайды.

Бұл ретте Норвегия да, Шенген аймағы елдері де берген көпжылдық туристік визасы бар ресейліктерге елге кіруден бас тартылуы мүмкін.

Норвегия 2022 жылы Ресейдің Украинаға басып кіруі басталғаннан кейін ресейліктерге туристік виза беруді тоқтатты. Әділет министрі Эмили Энгер айтқандай, Норвегия билігі Украинадағы соғыс жалғасып жатқан кезде ресейліктердің Норвегияға және басқа да Шенген елдеріне турист ретінде жүргенін қаламайды.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85