«Жай ғана қайраткер емессіз»: Макронға 2024 жылғы Вестфалия бейбітшілік сыйлығы табыс етілді

Бұл сыйлық франция президентіне Ресейдің Украинаға басып кіруінің басында қақтығысты тоқтату үшін тынымсыз күш салғаны үшін берілді

Нұрдәулет Кәкіш
29/05/2024 - 09:02

Фото: Political-Moments/IMAGO

Фото: Political-Moments/IMAGO

Франция президенті Эммануэль Макронға 2024 жылғы халықаралық Вестфалия бейбітшілік сыйлығы табысталды, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі DW газетіне сілтеме жасап.

«Сіз жай ғана қайраткер емессіз, сіз шеберсіз. Басқалар шекара туралы айтатын жерде, сіз көкжиектер туралы айтып отырсыз», – деді ГФР президенті Фрэнк-Вальтер Штайнмайер Макронның Германияға үш күндік сапарының соңғы күні, яғни сейсенбі, 28 мамырда Мюнстердегі марапаттау рәсімінде.

Сыйлық француз басшысына Ресейдің Украинаға басып кіруінің басында қақтығысты тоқтату үшін тынымсыз күш салғаны үшін берілді.

«Эммануэль Макрон Ресейдің шабуылынан бұрын да еуропалық егемендікті сөз етіп жүр», – деп атап өтті қазылар алқасын басқаратын Штайнмайер.

Ол Макронға француз-неміс қатынастарына берілгендігі үшін алғыс айтты.

«Франция мен Германияның бүгінде соншалықты жақын болуы сіз сияқты адамдардың арқасы екеніне сенімдімін», – деді ГФР президенті өзінің француз әріптесі туралы. «Сіз әрқашан Германиямен кездесуге дайынсыз, талқылауды бастайсыз, бізді осында немесе сол жақта әрекет етуге тырысасыз».

Макронды осы сыйлықпен марапаттау туралы шешім 2023 жылы қабылданды. Бірақ марапаттау рәсімі кейінге қалдырылды, өйткені оның сол жылы Германияға мемлекеттік сапары Францияда басталған тәртіпсіздіктерге байланысты кейінге шегерілген болатын.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін Макронға Вестфалия бейбітшілік сыйлығы берілетіні туралы жазған болатынбыз.

Айта кетсек, Халықаралық Вестфалия бейбітшілік сыйлығы 1998 жылы Мюнстер мен Оснабрюкте жойқын отыз жылдық соғыстан кейін жасалған Вестфалия бейбітшілік келісімін еске алу үшін құрылды. Сыйлық екі жылда бір рет беріледі. Лауреат 100 мың еуро алады, бұл ең үлкен неміс бейбітшілік сыйлығы және еуропалық интеграцияға ерекше үлес қосқан адамдарға, ұйымдарға немесе мемлекеттерге беріледі.

26 жыл ішінде оған, атап айтқанда, Чехияның бірінші брезиденті Вацлав Гавел, ГФР-дің бұрынғы канцлерлері Гельмут Коль және Гельмут Шмидт, Францияның бұрынғы президенті Валери Жискар д ' Эстен, БҰҰ-ның бұрынғы Бас хатшысы Кофи Аннан, ХҒС экипажы, Иордания Королі Абдалла екінші және үш Балтық елдері - Эстония, Латвия және Литва ие болған.

 

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85