Financial Times газетінің хабарлауынша, Украинаға басып кіргеннен кейін Ресей Федерациясынан кететінін жариялаған көптеген шетелдік компания бизнесті сату жөніндегі бюрократиялық мәселелерге байланысты қалуға шешім қабылдады
Украинаға толық шабуыл басталғаннан кейін Ресейден кететінін мәлімдеген батыс компаниялары бюрократиялық мәселелерге байланысты жоспарларын өзгертуде, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі Financial Times газетіне сілтеме жасап.
«Avon Products, Air Liquide and Reckitt және басқа фирмалар бизнесті сатудағы бюрократиялық кедергілерге тап болып, сондай-ақ осы елдегі тұтынушылық белсенділікті қалпына келтіруге байланысты Ресейде қалатын болды», – деп жазды газет.
Газет дереккөзінің айтуынша, Ресей Федерациясынан кету туралы шешім қабылдаған компаниялардың бағасы 90 пайызға дейін төмендетілген.
Киев экономика мектебінің мәліметтеріне сәйкес, 2100-ден астам трансұлттық корпорациялар Ресейде соғыс басталғаннан кейін де жұмысын жалғастырып жатса, 1600-ге жуық халықаралық компания Ресей нарығынан кеткен немесе Ресей Федерациясындағы операцияларды тоқтатқан.
2022 жылы Ресейдің Украинаға басып кіруі басталғаннан кейін көптеген шетелдік компания Батыстың ауқымды санкциялары аясында Ресей Федерациясында қатысуын азайтуға уәде берді.