Нигерияда содырлар ауылды тонап, 160 адамды ұрлап әкетті

Amnesty International адам құқықтарын қорғау ұйымының мәліметінше, содырлар көбінесе тұрғындардан ұрланған адамдарға төлем ретінде үлкен сома талап етеді

Sarbaz.kz редакторы
27/05/2024 - 11:40

Фото: AFP

Фото: AFP

Нигерияның орталық бөлігіндегі Нигер штатындағы ауылға содырлардың шабуылынан кем дегенде 10 адам қаза тауып, тағы 160 адам ұрланған. Бұл туралы жергілікті билік мәлім етті, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі ВВС агенттігіне сілтеме жасап.

«Боко Харам» исламшыл тобының қарулы содырлары жұма күні кешкісін Кучи ауылына кірді», – деп хабарлады жергілікті кеңес төрағасы Амина Абдулхамид Наджуме ВВС-ге.

Оның айтуынша, ұрланғандардың дені – негізінен әйелдер мен балалар, ал өлтірілгендердің арасында жергілікті тұрғындар болған.

Жергілікті билік хабарлағандай, содырлар ауылға мотоциклмен кіріп, онда екі сағаттан астам уақыт өткізген. Осы уақыт ішінде өздеріне тағам әзірлеген. Содан кейін олар үйлерді тонап, жергілікті тұрғындарды алып кеткен.

Amnesty International адам құқықтарын қорғау ұйымы жаппай адам ұрлауға қатты алаңдаушылық білдірді.

«Содырлардың ауылға басып кіруі – Нигерия билігінің адамдардың өмірін қорғай алмауының тағы бір дәлелі», – делінген хабарламада. «2021 жылдан бері содырлар Кучи ауылына үнемі шабуыл жасап, әйелдер мен қыздарды зорлайды».

Ұйымның мәліметінше, содырлар көбінесе тұрғындардан ұрланған адамдарға төлем ретінде үлкен сома талап етеді.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85