Шольц: Ресей Федерациясы Украинада айына 24 мың сарбазынан айырылады

Украинаға соғыс кезінде Ресей армиясының шығындары туралы нақты деректер жоқ. «Медиазона» басылымы мен ВВС журналистері еріктілермен бірге 2024 жылдың сәуіріне дейін 50 мыңнан астам қаза тапқан ресейлік әскеридің есімдерін ашық көздерден анықтады

Нұрдәулет Кәкіш
27/05/2024 - 10:40

Фото: Синьхуа

Фото: Синьхуа

«Украинамен соғыста айына 24 мың ресейлік сарбаз қайтыс болады немесе ауыр жарақат алады». Бұл туралы Германия канцлері Олаф Шольц «Азаматтық диалог» іс-шарасында айтты. Оның бұл сөздерін жексенбі, 26 мамыр күні n-tv телеарнасының сайты жариялады, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі.

Шольц Ресей армиясының бұл шығындары, сондай-ақ көптеген украиндық сарбаздар мен бейбіт тұрғындардың өлімі Владимир Путиннің «империалистік мегаломаниясының» нәтижесі екенін атап өтті.

«Ресей Федерациясының президенті Украина мен Беларусьты Ресейдің бөліктері деп санайды, сондықтан Еуропада ондаған жылдар бойы қалыптасып келе жатқан шекаралардың принципін бұзды», – деп атап өтті неміс канцлері.

Екі жақтың да шығындары туралы ресми дерек жоқ

Украинаға қарсы толыққанды соғыс кезінде Ресей армиясының шығындары туралы нақты деректер жоқ. «Медиазона» басылымы мен ВВС журналистері еріктілермен бірге 2024 жылдың сәуіріне дейін 50 мыңнан астам қаза тапқан ресейлік әскеридің есімдерін ашық көздерден анықтады. Ұлыбританияның Қорғаныс министрлігі сол айда Ресейдің осы соғыстағы ықтимал шығындарын 450 мың адамға бағалады. АҚШ Орталық барлау басқармасының басшысы Уильям Бернс қаңтарда Ресей Федерациясының 315 мың әскериі қаза тапқаны туралы айтты.

Осы уақыт ішінде Украина шығындары туралы ресми деректер жоқ. 2024 жылдың ақпанында Украина президенті Владимир Зеленский алғаш рет 31 мың украин сарбазының қаза тапқанын айтқан болатын.

Тегтер

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91