КХДР-ді Ресейге БҰҰ санкциясын айналып өтіп, қару-жарақ жеткізеді деп айыптады
Оңтүстік Корея мен Жапония БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларын бұза отырып, Ресейдің Солтүстік Кореядан қару-жарақ сатып алуына байланысты жеке тұлғаларға, ұйымдарға және теңіз кемелеріне санкциялар салатынын жариялады, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
Корея Республикасының Сыртқы істер министрлігі Пхеньян мен Мәскеу арасындағы қару-жарақ саудасы мен басқа да жұмыстарға байланысты Солтүстік Кореяның жеті азаматы мен Ресейдің екі теңіз кемесіне санкциялар енгізілгенін айтты.
«Ресейлік кемелер Ресей мен Солтүстік Корея арасында әскери жүктері бар көптеген контейнерді тасымалдады, бұл БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларын айқын бұзды», – делінген министрлік мәлімдемесінде.
Жапония сонымен қатар Ресейдің Украинаға басып кіруін қолдау мақсатында әскери ынтымақтастыққа қатысатын ресейлік топтарды қоса алғанда, 11 ұйым мен бір адамға қатысты санкциялар жариялады.
«Ресейдің Солтүстік Кореядан қару-жарақ сатып алуы БҰҰ-ның тиісті қарарларын бұзады, олар қару-жарақ пен онымен байланысты материалдарды Солтүстік Кореяға беруге және одан алуға мүлдем тыйым салады», – деді Жапония министрлер кабинетінің Бас хатшысы Йошимаса Хаяши баспасөз мәслихатында.
Оңтүстік Кореяның Сыртқы істер министрлігінің мәліметі бойынша, Сирияда орналасқан мемлекет бақылайтын компанияның атынан шыққан бір Солтүстік Корея азаматы 2022-2023 жылдар аралығында «Вагнер» тобындағы ресейлік адаммен қару-жарақ саудасын жеңілдету туралы келіссөздер жүргізген. Ресейлік компанияның тағы бір қызметкері Ресейден Солтүстік Кореяға дизель отынын жеткізуге қатысқан.
Тағы бес солтүстік кореялық Пхеньянның ядролық және зымырандық бағдарламаларын дамытуды қолдау үшін қаражат жинауға көмектесіп, олар ІТ мамандары ретінде шетел валютасымен табыс тапқаны айтылған Оңтүстік Корея мәлімдемесінде.
2023 жылдың қазан айынан бастап КХДР БҰҰ санкцияларын айналып өтіп, Ресейге артиллериялық снарядтар жеткізгенін Ресей мен КХДР жоққа шығарды.