Еурокомиссия басшысы лауазымына үміткерлер арасында пікірталас өтті

Еуропалық саясаткерлер екі сағат бойы экономика, жұмыс орындарын құру, қорғаныс, қауіпсіздік, климат, қоршаған орта, демократия, көшбасшылық, көші-қон, сондай-ақ инновация және технология мәселелерін талқылады

Нұрдәулет Кәкіш
24/05/2024 - 09:57

Фото:euronews

Фото:euronews

Брюссельдегі Еуропарламентте Еурокомиссия басшысы лауазымына бес үміткер арасында пікірталас өтті. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі euronews агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды

Тікелей эфирге қатысқандар:

- Урсула фон дер Ляйен (Еуропа халық партиясы)

- Николас Шмидт (Люксембург, «Еуропалық социалистер партиясы»)

- Терри Рейнтке (Германия, «Еуропалық жасылдар»)

- Сандро Госи (Италия, «Еуропаны жаңарт»)

- Вальтер Байер (Аустрия, «Европалық солшылдар»).

Еуропалық саясаткерлер екі сағат бойы экономика, жұмыс орындарын құру, қорғаныс, қауіпсіздік, климат, қоршаған орта, демократия, көшбасшылық, көші-қон, сондай-ақ инновация және технология мәселелерін талқылады.

Еуропарламенттің пленарлық залындағы көрермендер, сондай-ақ ЕО-ға мүше елдердің студияларынан пікірсайысты тамашалаған ЕО тұрғындары сұрақтар қойды. Бұдан бөлек, кандидаттарға «Көпшілік назарында» бөлімінде сайлаушыларға бір минуттық үндеу жасау мүмкіндігі берілді.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91