Путин Ресейге келтірілген залалды өтеу үшін АҚШ активтерін алуға рұқсат берді

Владимир Путин қол қойған Жарлық Вашингтон немесе АҚШ соттары Ресейге келтірген залалды өтеу үшін АҚШ мүлкін алуға рұқсат береді

Нұрдәулет Кәкіш
24/05/2024 - 09:02

ФОТО: TOMASZ MAKOWSKI | SHUTTERSTOCK

ФОТО: TOMASZ MAKOWSKI | SHUTTERSTOCK

Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Вашингтонның «достыққа жат» әрекеттеріне байланысты Ресей мемлекеті мен Орталық банкке келтірілген «зиянды өтеу» үшін АҚШ активтерін алуға рұқсат берді. Тиісті Жарлыққа 23 мамыр, бейсенбіде қол қойылды, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі

АҚШ мүлкі ресейлік меншік иелеріне беріледі

Жарлыққа сәйкес, Ресей мемлекеті мен банкі егер американдық биліктің немесе соттардың шешімімен өз мүлкіне құқығынан «негізсіз» айырылса, сотқа жүгінуге құқылы. Өз кезегінде Ресей соты залалды өтеу туралы шешім қабылдауы мүмкін. Бұл АҚШ-тың мүлкі тәркіленіп, ресейлік меншік иелеріне беріледі дегенді білдіреді.

АҚШ үкіметінен немесе азаматтарынан алынуы мүмкін мүліктердің тізіміне бағалы қағаздар, ресейлік компаниялардың жарғылық капиталындағы үлестер, жылжымалы және жылжымайтын мүлік, сондай-ақ мүліктік құқықтар кіреді.

Путин Ресей Федерациясының Үкіметіне төрт ай ішінде заңнамаға қажетті өзгерістер енгізуді тапсырды.

АҚШ Ресей Федерациясының активтерін тәркілеуге ниетті

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен мамыр айында Киевке сапары барысында Үкімет Ресейдің қарулы агрессиясынан қорғау, Украинаға көмектесу үшін АҚШ банктеріндегі ресейлік активтерді тәркілеуге ниетті екенін айтты.

АҚШ Сенаты өкілінің айтуынша, АҚШ банктерінде Ресей Федерациясының 5 миллиард долларлық активтері бұғатталған. Дүние жүзінде бұл активтер шамамен 300 миллиард долларды құрайды. Олардың басым бөлігі, яғни шамамен 200 миллиард еуро ЕО аумағында бұғатталған. Бұл шаралар Ресей Федерациясының Украинаға қарсы агрессивті соғысына жауап ретінде қабылданды.

Ресей Федерациясының Үкіметі ресейлік қаражатты, соның ішінде олардан түсетін кірісті экспроприация ретінде алудың кез келген нұсқасын қарастырып жатқанын мәлімдеді 22 мамырда Ресей Федерациясы президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91