Джо Байден Кенияға НАТО дан тыс негізгі одақтас мәртебесін ұсынады

НАТО-дан тыс АҚШ одақтастарының тізіміне 18 ел кіреді, соның ішінде Израиль, Египет, Оңтүстік Корея бар

Sarbaz.kz редакторы
23/05/2024 - 18:00

Фото: Reuters

Фото: Reuters

АҚШ президенті Кенияға осы Африка елінің көшбасшысы Уильям Самои Арап Туроның сапары кезінде Солтүстік Атлантикалық альянстан тыс негізгі одақтас мәртебесін ұсынбақ. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Politico басылымына сілтеме жасап хабарлайды.  

Бұл шешім Гаитидегі тәртіпсіздіктерді басу үшін мыңдаған кениялық полицейлерді жіберу аясында қабылданғаны белгілі.

Кения Сахараның оңтүстігіндегі НАТО-дан тыс АҚШ-тың алғашқы одақтасы болмақ. Бұл елге АҚШ-тан шектеулі қару-жарақ алуға және әскери ынтымақтастыққа қатысуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар жаңа мәртебе Вашингтонға Қытайдың континентте өсіп келе жатқан қатысуы және Ресей мен Кения байланыстарының нығаюы аясында Шығыс Африкадағы ықпалын кеңейтуге мүмкіндік береді.

Бұған дейін америкалық көшбасшы қайта сайланған жағдайда Африкаға сапармен баруды жоспарлап отырғанын айтқан болатын.

Бүгінгі таңда АҚШ-тың НАТО-дан тыс негізгі одақтастары Израиль, Египет, Аргентина, Оңтүстік Корея және Жапонияны қоса алғанда 18 ел болды.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91