Қытай тыңшылары АҚШ-та көптеп ұсталып жатыр – Гротман

Қазан айынан бастап АҚШ-тың Кеден және шекара қызметі 25000-ға жуық қытайлық азаматты қамауға алды

Sarbaz.kz редакторы
23/05/2024 - 14:04

Фото: iStock

Фото: iStock

Өткен жылы Қытай азаматтары АҚШ-тың әскери базаларына және басқа да құпия нысандарына 100 шақты рет кіруге тырысты, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі  Daily Mail-ге сілтеме жасап.

Басылым шенеуніктерге сілтеме жасай отырып, Қытай мен АҚШ-тың басқа қарсыластары АҚШ Қарулы күштерінің құпия нысандарына ену үшін шығармашылық әдістерді қолданатынын атап өтті. Мысалы, олар өздерін көбінесе туристер немесе азық-түлік жеткізу курьерлері ретінде таныстырып, маршруттан кездейсоқ ауытқығансып, құпия федералды нысандарға жақын жүрген.

Өкілдер палатасының мүшесі Гленн Гротман мұндай іс-шараларға тек Қытай емес, Иран, Ресей, сондай-ақ Таяу Шығыстағы террористік топтар да қатысатынын атап өтті.

«Орыстар туралы, ирандықтар туралы, Таяу Шығыстың түкпір-түкпіріндегі террористік ұйымдардың мүшелері болып саналатын адамдар туралы хабарламалар болды. Олар әскери базалардың жанында ұсталды», – деді Гротман.

Алайда Гротман қай террористік топтар туралы айтқанын нақтыламады.

Есептерге сәйкес, шетелдік азаматтар бақылау жұмыстарын күшейту үшін дрондарды пайдаланды. Гротман соңғы жылдары мұндай әрекеттердің саны айтарлықтай өскенін ескертті.

Ол тыңшылық әрекеттердің өсуі АҚШ пен Мексика шекарасын кесіп өтетін испан тілінде сөйлемейтін шетелдік азаматтардың рекордтық санымен байланысты екенін атап өтті.

«Оңтүстік шекараны кесіп өтетін қытайлықтардың саны туралы айтатын болсақ, бұл олардың барлығы барлау қызметімен айналысады дегенді білдірмейді. Бірақ егер бұл сан жылына 80 есе көбейсе, бұдан, әлбетте, сұрақ туындайды», – деді ол.

Қазан айынан бастап АҚШ-тың Кеден және шекара қызметі 25000-ға жуық Қытай азаматын ұстаған.

Мысалы, наурыз айында Қытай азаматы Калифорния шөліндегі әскери жаттығу базасына, Твентинин-Палмс Теңіз корпусының әуе-құрлықтағы орталығына кірген. Шекара қызметі өкілдерінің айтуынша, бұл адам АҚШ шекарасын заңсыз кесіп өткен.

«Мен олардың Америка Құрама Штаттарына үлкен зиян келтіргісі келетініне сенімдімін», – деп қосты конгрессмен.

Сондай-ақ Қытайдан барған жедел қызметкерлер Нью-Мексикодағы зымыран полигонына және Аляскадағы базаға, АҚШ ғарыш күштері базасы орналасқан Канаверал мүйісіне кіргені үшін қамауға алынған.

Гротман сонымен қатар кейбір шет ео үкіметтері өз азаматтарына американдық әскери базаларға тыңшылық жасауды тапсыратынын атап өтті.

«Қытайлықтарға олардың Үкіметі осында келгенде күдікті немесе пайдалы болып көрінетін кез келген нәрсені суретке түсіруді бұйырады», – деді Гротман.

Ол Қытайдан, Ираннан, Ресейден және террористік топтардан барған адамдардың АҚШ-тың әскери әлеуеті туралы ақпарат алуға ұмтылуының өзіндік айқын себептері бар екенін атап өтті.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91