БҰҰ Рафахта азық-түлік таратуды тоқтатты

Гуманитарлық ұйымның қызметкерлері Рафахтағы жұмыстың тоқтатылуын жағдай мен қауіпсіздікпен байланыстырып отыр

Нұрдәулет Кәкіш
22/05/2024 - 13:13

Фото: Reuters

Фото: Reuters

БҰҰ-ның Таяу Шығыстағы агенттігі палестиналық босқындарға көмектесу және жұмыстарды ұйымдастыру үшін Газа секторының оңтүстік бөлігіндегі Рафах қаласында азық-түлік таратуды тоқтатты, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі DW газетіне сілтеме жасап.

«Бұл елді мекенде азық-түлікті бөлу қазіргі уақытта жеткізілім тапшылығы мен қауіпсіздіктің болмауына байланысты мүмкін емес. Қаланың шығыс бөлігінде Израильдің жүргізіп жатқан әскери операциясына байланысты Рафахтағы тарату пункті мен азық-түлік қоймасы жабылды», – деп хабарлады БҰҰ-ның Таяу Шығыстағы агенттігі Х әлеуметтік желісінде.

Мамыр айының басынан бері Израиль армиясы әлемдік қауымдастықтың ескертулеріне қарамастан, жердегі операцияларды жүргізіп, Палестинаның радикалды ХАМАС қозғалысының қалған құрылымдары анықталған Рафахтағы нысандарға әуе соққыларын жасады.

6 мамырда Израиль жариялаған эвакуация басталғаннан бері БҰҰ мәліметтері бойынша Рафахтан 800 мыңға жуық адам кетіп қалды. Олар Газа секторының жағалауына Израиль әскери күштері «гуманитарлық аймақ» деп жариялаған «Әл-Мавази» лагеріне көшті.

Израиль шабуылы басталғанға дейін Египет шекарасына жақын жерде Рафахта шамамен 1,4 миллион адам болған. Олардың дені – Газа секторының басқа аймақтарындағы әскери іс-қимылдарынан қашқан босқындар.

ХАМАС бақылауындағы Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтеріне сәйкес, Газа секторында 35 жарым мыңнан астам адам қаза тауып, 80 мыңға жуық адам жарақат алды. Бұл деректерді тәуелсіз көздер бойынша растау әзірге мүмкін емес.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85