Америкалық әскерилердің Нигерден шығарылатын күні белгілі болды

Нигерден мыңнан аса америкалық әскери кетеді деп жоспарлануда

Админ
20/05/2024 - 14:08

Фото: Reuters

Фото: Reuters

АҚШ пен Нигер билігі осы жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірмей африкалық мемлекеттен америкалық әскерилердің түпкілікті шығарылатынына келісті, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі  AFP агенттігіне сілтеме жасап.

Соңғы шешім Нигер астанасы Ниамейде келісілді. Нигер билігі америкалық әскерилердің ел аумағында болуы «заңсыз» екенін және олардың шығуы екі ел арасындағы қарым-қатынастың жақсаруына бетбұрыс болатынын бірнеше рет атап өтті.

The Washington Post басылымының хабарлауынша, Нигер аумағында екі американдық база орналасқан. Бірінші база ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалануға арналған. Оның құрылысы 100 миллион долларды құрады. Сонымен қатар 1 мың әскери және азаматтық персонал корпусы бар. Алайда екінші база туралы нақты мәлімет жоқ.

Айта кету керек, өткен айда бір мың АҚШ әскери күштерін шығару туралы шешім қабылданды. Оның алдында 2012 жылы әскери төңкерістен кейін Президент гвардиясының қолбасшысы Абурахман Чиани билікке келгеннен соң қол қойылған қорғаныс келісімінің бұзылуы болды.

Бұған дейін, 2023 жылдың қазан айында Нигерден 2013 жылдан бастап сонда болған француз әскері шығарылды. Өз миссиясының бір бөлігі ретінде француз сарбаздары мен офицерлері террористік топтарға қарсы операцияларға қатысты.

Осы уақытта Нигер билігі Ресеймен жақындасуға бет бұруда. Өткен жылдың желтоқсан айында Нигер Қорғаныс министрлігінің басшысы Салифу Моди мен Ресей Қорғаныс министрлігі басшысының орынбасары Юнусбек Евкуров бірлескен қорғаныс келісімдеріне қол қойды.

Осы жылдың сәуір айында Нигерге елге әскери техника мен соңғы буын Әуе қорғанысы элементтерін апарған жүз ресейлік әскери нұсқаушы тобы барды деп хабарланды. Олардың нақты бару күндері мен техникасы дереккөзде көрсетілмеген.

Мамыр айының басында Reuters бұрын америкалық әскерлер орналасқан 101 базасына ресейлік әскери қызметшілердің тағы бір тобы барғанын жазды. Агенттік сонымен қатар нәтижесінде ресейлік және америкалық әскерлер бір-біріне жақын орналасқанын атап өтті.

Айта кетсек, Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі Африка корпусы бөлімшесінің әскери қызметшілері Буркина-Фасода және Орталық Африка Республикасында жұмыс істейді.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91