Солтүстік Корея жұма күні Жапон теңізіне қарай баллистикалық зымыран ұшырды, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі Yonhap агенттігіне сілтеме жасап.
Оңтүстік Корея Қарулы күштері штаб бастықтарының бірлескен комитетінің мәліметінше, зымыран таңғы уақытта ұшырылған, бірақ нақты сағат нешеде екені көрсетілмеген.
Комитет зымыранға қатысты, оның түрі және қаншалықты алыс қашықтыққа ұшқаны туралы егжей-тегжейлі мәлімет бермеді.
Сәрсенбіде Кореяның орталық телеграф агенттігі Солтүстік Корея көшбасшысы Ким Чен Ын тактикалық зымыран қаруының жаңа жүйесін тексергенін хабарлады. Агенттіктің дерегінше, КХДР армиясын дайындауда ілгерілеу үшін 2024 жылға арналған әскери өндіріс жоспарын міндетті түрде орындау қажеттілігін алға қойып отыр.
Кореяның орталық телеграф агенттігінің мәліметтері бойынша, 2024 жылы шығарылған зымыран тасығыштар Корея Халық Армиясының Батыс жедел тобының еншісінде.