iPhone-ның жаңа моделі Үндістанда өндіріледі

iPhone 14 моделі шыққанға дейін Үндістанда смартфондардың аз ғана бөлігі өндірілген

Sarbaz.kz редакторы
17/08/2023 - 18:30

Фото ашық дереккөзден

Фото ашық дереккөзден

Apple Inc жеткізушісі әрі келісімшарт бойынша әлемдегі ең ірі электроника өндірушісі тайваньдық Foxconn Technology Group компаниясы Үндістанның Тамилнад штатындағы зауытта iPhone 15 өнімін шығаруға кіріседі, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі The Economic Times басылымына сілтеме жасап.

Кәсіпорын құрылғыларды жеткізуді Apple смартфонының ең жаңа моделі Қытайдағы конвейерден шыққаннан кейін бірер аптадан кейін бастамақ. Осылайша, америкалық IT алыбы Apple компаниясының негізгі өндірістік орталығы орналасқан АҚШ пен Қытай арасындағы шиеленісті бәсеңдету мақсатында жеткізу көздерін әртараптандырудың көпжылдық жоспарын жүзеге асырмақ. 

Компанияның Үндістанда кеңеюіне жергілікті биліктің қызығушылығы зор. Үндістан премьер-министрі Нарендра Модидің АҚШ-пен тығыз байланыс орнатуға деген ұмтылысы Apple үшін де қолайлы фактор болып отыр.

iPhone 14 моделі шыққанға дейін Үндістанда смартфондардың аз ғана бөлігі өндірілген. Ал елдегі құрылғылар Қытайдан тоғыз айдан кейін шығарыла бастаған. 

2022 жылы жергілікті зауыттарда өндірілген осы типтегі құрылғылардың саны 7 пайызға артқан.

Жеткізу уақытындағы алшақтықты биыл қалыпқа келтіру жоспарланып отыр. Алайда жеткізушілердің өздері бұған әлі де аса сенімді емес көрінеді. 

Үндістандағы iPhone 15 өндірісінің ауқымы компоненттердің дайындығына және Ченнай қаласының маңындағы Foxconn зауытында смартфондардың шығарылу қарқынына байланысты болмақ.

Наурыз айында аяқталған 2023 қаржы жылының қорытындысы бойынша Үндістанда Apple смартфондарын шығару көлемі үш есеге өсіп, ақшалай түрде 7 7 миллиардтан асқан. Елдегі iPhone-ның бөлшек сауда көрсеткіштері де оң динамиканы көрсетуде. Өткен тоқсанда олар жыл сайын екі таңбалы өсу есебі бойынша ең жоғары деңгейге жеткен.

Сәуір айында Үндістан премьер-министрі Модимен кездескен Apple басшысы Тим Кук компания осы ел бойынша өндірісті кеңейтуге және инвестицияны арттыруға ниетті екенін білдірді. Осылайша, компанияның Үндістанда маңызды өндіріс орталығын құрудың ұзақ мерзімді бағытын растады, деп хабарлады The Indian times.

Сонымен, бұл елдегі басқа да техногигант жеткізушілері саналатын Pegatron мен Wistron корпорациялары жақында iPhone 15 құрастыруды бастайды. iPhone-ның жаңа моделі 12 қыркүйекте жарияланады деп күтілуде.

Тегтер

×

Редакция

$ 474.26  514.48  5.43