Матвей Бидный: 2022 жылдан бері ұлттық құрамдағы 456 украиналық спортшы көз жұмды

Украинаның Жастар және спорт министрінің міндетін атқарушы Матвей Бидный соғыс басталғаннан бері Украинадағы 500-ден астам спорттық нысан қирағанын мәлімдеді

Нұрдәулет Кәкіш
16/05/2024 - 10:22

Фото: nv.ua

Фото: nv.ua

Ресей мен Украина арасындағы соғыс салдарынан 456 украиналық спортшы мен ұлттық құрама жаттықтырушылары қаза тапты. Бұл туралы Брюссельде Украинаның Жастар және спорт министрінің міндетін атқарушы Матвей Бидный DW-ге берген сұхбатында айтты, деп  хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі.

Бидныйдың айтуынша, қаза тапқан және жараланған украин спортшыларының саны күн сайын артып келеді.

«Украин спортының элитасы бүгінде біздің тәуелсіздігіміз бен болашағымызды қорғау мақсатында қару асынып жүр», – деп атап өтті Бидный. «Біз өте үлкен шығынға ұшырап жатырмыз. Өткен аптада ауыр атлетикадан екі дүркін Еуропа чемпионы қайтыс болды. Ол Рио олимпиадасында төртінші орынды иеленген Александр Пелешенко. Ресей Федерациясының Украинаға шабуылының алғашқы күндерінен бастап Пелешенко Украина Қарулы күштері қатарында болды».

Жастар және спорт министрлігі басшысының мәліметінше, Ресейдің шабуылдарынан кейін Украинадағы 500-ден астам спорттық нысан мен 100 шақты жастар инфрақұрылымы жойылған.

Брюссельде ресми сапармен болған кезінде Матвей Бидный 13-14 мамыр күндері өткен Еуропалық Одақтың жастар және спорт жөніндегі кеңесінің отырыстарында еуропалық әріптестерінің алдында сөз сөйледі.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85