Әлем бойынша әскери қуаты мықты елдер рейтингі әзірленді

Sarbaz.kz редакторы
01/07/2023 - 23:53

Фото ашық дереккөзден

Фото ашық дереккөзден

Global Firepower агенттігі 2023 жылғы әлемдегі ең мықты, ең қуатты әскери базасы бар елдердің тізімін жариялады, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі Globalfirepower сайтына сілтеме жасап. 

Global Firepower агенттігі әлемдегі ең мықты әскери қуатты елді  анықтау үшін әскери күштен бөлек, 60 түрлі факторды қоса бағалаған. Оның ішінде қорғаныс шығындарының деңгейі, техника мен құрылғының арсеналы, әскердің көлемі, танктердің, кемелердің, ұшақтардың және басқа да әскери техникалардың саны, мұнай, көмір және басқа ресурстарға қолжетімділік ескерген. Бұл ретте ядролық қарудың болуы ескерілмейді.

2023 жылғы «жаһандық атыс күші» (GFP) шолуында 145 мемлекет қарастырылған. Шолуда осы елдердің жауынгерлік әлеуетін бағалайды, әр елдің қуат индексі – 0,0000-ға тең идеалды көрсеткішке қатысты бағаланады. Шындығында, бұл көрсеткішке қол жеткізу мүмкін емес, сондықтан pwrindx мәні неғұрлым төмен болса, әдеттегі жағдайда елдің жауынгерлік әлеуеті соғұрлым тиімді болады.

Ең қуатты елдер қатарында Америка Құрама Штаттары бірінші орында, ал Ресей дәстүрлі түрде екінші орында. Үздік үштікті Қытай мемлекеті аяқтады.

Үздік ондыққа Үндістан (4-орын), Ұлыбритания (5-орын), Оңтүстік Корея (6-орын), Пәкістан (7-орын), Жапония (8-орын), Франция (9-орын) және Италия (10-орын) кірді.

Ал Қазақстан әлемдегі ең күшті армиялар рейтингінде 63-орынға жайғасты. Қуат индекісінің  көрсеткіші – 1,0873.

×

Редакция

$ 487.24  529.34  5.02