Дағыстандағы жанармай құю станциясында болған жарылыс: қаза тапқандар саны 27 адамға жетті

Махачкаланың шетінде автомобильдерге техникалық қызмет көрсету кезінде өрт тұтанып, артынша жарылыс болған

Нұрдәулет Кәкіш
15/08/2023 - 17:21

Фото ашық дереккөзден

Фото ашық дереккөзден

Махачкаладағы жанармай құю станциясында жарылыс кезінде қаза тапқандар саны 27-ге жетті. Бұл туралы Дағыстан Апаттар медицинасы орталығы мәлім етті, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі «Интерфакс»-қа сілтеме жасап.

Дүйсенбі күні Махачкаланың шетіндегі жанармай құю станциясында жарылыс болды. Ресей Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Виктор Фисенконың айтуынша, жарылыстан қазақ тапқандар саны 27-ге, жалпы зардап шеккендердің саны 66-ға жеткен.

Ресей Федерациясы Тергеу комитетінің Дағыстан бойынша тергеу басқармасының мәліметі бойынша, Кулинская көшесі мен Федералды тас жолының қиылысында (Новокули ауылы, Махачкаланың шеті) автомобильдерге техникалық қызмет көрсету станциясының ғимаратында көліктерге қызмет көрсету жұмысы кезінде өрт тұтанған. Артынша жарылыс болып, өрт жанармай құю станциясына таралған.

Тегтер

×

Редакция

$ 480.61  534.53  5.28