Бельгия мен Голландияның әуе кеңістігінде бақылау күшейтілді
Голландия әуе кеңістігіне жақындаған ресейлік екі әскери ұшағы Дания әуе кеңістігінде тоқтатылды, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі TRT ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Голландия Қорғаныс министрлігі жасаған мәлімдемеге сәйкес, жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00 шамасында Ресейге тиесілі 2 әскери ұшақтың Голландия әуе кеңістігіне жақындағаны анықталды.
«Quick Response Alert – QRA (Жылдам жауап ескертуі)» жүйелері іске қосылған соң ұшақтар Дания тарапынан бұл елдің әуе кеңістігінде тоқтатылған.
Мәлімдемеде сондай-ақ Голландияға тиесілі «F-16» әскери ұшақтарының 24 сағат бойы дайын тұрғаны, шетелдік бір ұшақ бар екені анықталған жағдайда бірнеше минуттың ішінде іске қосыла алатыны баса айтылды.
Сонымен қатар агенттік Бельгия мен Голландияның әуе кеңістігінде бақылау күшейтілгенін, екі елдің Бенилюкс (Бельгия, Голландия және Люксембург) аймағын түгел бақылауға алғанын хабарлады.