Ресей әскери күштері Нигердегі АҚШ базасын басып алды – DW

АҚШ Қорғаныс министрлігі өкілінің айтуынша, Нигерден кетуге үлгермеген америкалық әскери қызметшілер базада қалып қойды

Нұрдәулет Кәкіш
03/05/2024 - 11:45

Фото: Carley Petesch/AP Photo/picture alliance

Фото: Carley Petesch/AP Photo/picture alliance

Ресей әскери қызметшілері Нигер астанасы Ниамейдегі американдық әуе базасына кірді. Бұл туралы Reuters агенттігіне АҚШ Қорғаныс министрлігінің аға өкілі айтты, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі DW газетіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, бұл Амани Диори халықаралық әуежайының жанында орналасқан АҚШ әуе күштерінің базасының аумағында әлі де америкалық әскери қызметшілер бар.

Бұған дейін Америка Құрама Штаттары 1000-нан астам адамнан тұратын бүкіл әскери контингентін Нигерден шығаруға келіскен болатын. The New York Times газетінің хабарлауынша, АҚШ әскери қызметшілері Батыс Африка елінен алдағы айларда кетеді.

×

Редакция

$ 443.44  480.51  4.88