Қытайдың қорғаныс министрі Ресей мен Беларусь елдеріне іссапармен барады

Ол Халықаралық қауіпсіздік жөніндегі XI Мәскеу конференциясына қатысады

Sarbaz.kz редакторы
14/08/2023 - 23:11

Фото ашық дереккөзден

Фото ашық дереккөзден

Қытай Қорғаныс министрлігінің басшысы Ли Шанфу 14-19 тамыз күндері халықаралық қауіпсіздік жөніндегі XI-ші Мәскеу конференциясына қатысу үшін Ресейге барады. Бұл туралы Қытай қорғаныс ведомствосының ресми өкілі У Цзянь мәлімдеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

«Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгу мен Беларусь Қорғаныс министрі Виктор Хрениннің шақыруымен Мемлекеттік Кеңестің мүшесі, ҚХР Қорғаныс министрі Ли Шанфу Ресейге халықаралық қауіпсіздік жөніндегі XI Мәскеу конференциясына қатысу үшін барады. Сонымен қатар Беларусь мемлекетіне де барады», - делінген У Цзянь мәлімдемесінде.

Қытай Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Ли Шанфу өзінің сапары барысында Мәскеудегі конференцияда сөз сөйлеп, Ресей Федерациясының және басқа мемлекеттердің әскери басшылығының өкілдерімен кездесетінін айтты. Ал Беларусь елінде ҚХР қорғаныс ведомствосының басшысы жоғары әскери және мемлекеттік шенеуніктермен келіссөздер жүргізеді. Сол сияқты Беларусь әскери бөлімдерін аралайды.

Халықаралық қауіпсіздік жөніндегі XI Мәскеу конференциясының бағдарламасында көпполярлы әлемнің қалыптасу жағдайындағы жаһандық тұрақтылық, әртүрлі елдердің қорғаныс ведомстволарының өзара іс-қимылы, сондай-ақ Еуропа, Азия, Латын Америкасы, Таяу Шығыс және Африкадағы өңірлік қауіпсіздіктің әскери мәселелері қаралады. Тәуелсіз сарапшылар, оның ішінде батыстықтар, «бір әлем - жалпы қауіпсіздік» пікірталас клубы форматында күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылайды.

Тегтер

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91