ҚХР АҚШ-тың жаңа санкцияларын «заңсыз» деп атады

АҚШ-тың Кремльге қарсы санкцияларының жаңа пакетіне Қытай мен Гонконгта тіркелген 20 компания да кірді

Нұрдәулет Кәкіш
02/05/2024 - 10:57

Фото: Picture alliance/ТАСС

Фото: Picture alliance/ТАСС

Кремльге қарсы санкциялардың жаңа тізіміне қытайлық компаниялардың енгізілуіне түсініктеме берген Вашингтондағы ҚХР елшілігінің баспасөз хатшысы Лю Пэнью Қытай тарапы АҚШ-тың санкцияларына үзілді-кесілді қарсы екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі DW газетіне сілтеме жасап.

АҚШ Қаржы министрлігінің мәлімдемесіне сәйкес, санкцияға іліккен қытайлық кәсіпорындар Ресейге қару-жарақ өндірісінің негізгі компоненттерін алуға немесе әскери бағдарламаларды жүзеге асыруға көмектескен.

Лю Пэньюдің айтуынша, ҚХР Үкіметі заңдар мен ережелерге сәйкес, қос мақсаттағы тауарлардың экспортын бақылайды. Ал Қытай мен Ресей арасындағы сауда-экономикалық өзара іс-қимыл Дүниежүзілік сауда ұйымының ережелеріне және нарықтық принциптерге сәйкес келеді.

Украинадағы соғыс үшін Вашингтон Ресей Федерациясына қарсы енгізген санкциялардың жаңа пакетіне Қытай мен Қытайдың Гонконг әкімшілік округінде тіркелген 20 компания, сондай-ақ БАӘ, Түркия, Әзербайжан, Бельгия және Словакия сияқты басқа бес елдің фирмалары кірді. Сонымен қатар санкциялар тізімінде 200-ден астам ресейлік фирма бар. АҚШ Мемлекеттік департаменті іске асырып жатқан айыппұл шараларына визалық тыйымдар, қаржылық активтерді тоқтату және санкцияланған компаниялармен бизнес жүргізуге тыйым салу қарастырылған.

Қытайлық компанияларға қарсы санкцияларды негіздей отырып, АҚШ Қаржы министрлігі Ресей Федерациясына дрондар жасау үшін тауарларды, яғни винттерді, қозғалтқыштар мен датчиктерді, сондай-ақ мылтық пен зымыран отынын өндіруге қажетті жарылғыш заттарды экспорттағанын нақтылады. Америка Қаржы министрлігінің басшысы Джанет Йеллен жаңа шектеулер Ресейдің әскери күш-жігерін одан әрі бұзып, әлсірететінін айтты.

Бұған дейін Вашингтон Бейжіңге батыстық санкцияларды айналып өтіп, Ресейдің қорғаныс өнеркәсібін қолдауға жол бермеу туралы бірнеше рет ескерткен болатын. Сонымен, АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен 26 сәуірде Бейжіңге сапары аясында Қытай Сыртқы істер министрі Ванға ҚХР-дың Ресейге Украинаға қарсы агрессивті соғыста қолдау көрсететініне қатты алаңдаушылық білдірді.

Бұл мәселеде бейтараптықты ұстануды жалғастыратынын жеткізген Қытай Мәскеумен сауда ынтымақтастығын заңды деп атады. Бейжің батысқа бұл ынтымақтастықты «үшінші тараптың» бұзуына жол бермеу туралы ескертеді.

×

Редакция

$ 443.44  480.51  4.88