АҚШ Қаржы министрлігі Ресей банктерінің операцияларына уақытша рұқсат берді

Ресейлік банктерге энергетикалық есеп айырысуларға байланысты операцияларға тыйым салу 2024 жылдың 1 қарашасына дейін алынып тасталды 

Нұрдәулет Кәкіш
30/04/2024 - 14:44

Фото: Alex Wong / Getty Images

Фото: Alex Wong / Getty Images

АҚШ Қаржы министрлігі Ресейдің бірқатар банктеріне энергетика саласында есеп айырысуға уақытша рұқсат берді. Министрлік берген лицензияға сәйкес, операцияларға тыйым 2024 жылдың 1 қарашасына дейін алынып тасталды, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі DW газетіне сілтеме жасап.

АҚШ Қаржы министрлігі мұнай, ағаш, көмір және уран өндіруге, өңдеуге, сұйылтуға, тасымалдауға немесе сатып алуға қатысты трансакциялар энергиямен байланысты деп есептелетінін түсіндірді. Лицензия сонымен қатар ресейлік банктерге кез келген тәсілмен өндіруге, жеткізуге немесе энергия алмасуға байланысты операцияларға рұқсат береді.

2022 жылдың ақпанында Ресей Федерациясының Украинаға шабуылы басталғаннан бері Вашингтон Ресей банктеріне бірнеше рет санкциялар енгізді. Сондай-ақ Ресейдің қорғаныс және өнеркәсіптік кешенінің мүдделері үшін мәмілелер жасасқан қаржы институттарына қатысты шектеу шаралары да енгізілді.

Сәуір айының соңында АҚШ-тың Бейжіңге де Ресейдің әскери өндірісін қолдауды шектеу үшін кейбір Қытай банктерін жаһандық қаржы жүйесінен ажыратып тастайтын санкциялар әзірлейтіні белгілі болды.

×

Редакция

$ 443.44  480.51  4.88