Байден Египет пен Қатарды ХАМАС-қа қысым жасауға шақырды

АҚШ, Қатар және Египет – Израиль мен ХАМАС ұйымы арасындағы қақтығыстың маңызды делдалдары

Нұрдәулет Кәкіш
30/04/2024 - 14:21

Фото: Manuel Balce Ceneta / AP

Фото: Manuel Balce Ceneta / AP

АҚШ президенті Джо Байден Египет пен Қатарды Газа секторындағы атысты тоқтату туралы келіссөздер аясында қолында ХАМАС ұйымына қысым көрсетуге шақырды. Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі.

Джо Байден Қатар әмірі Тамим бен Хамад әл-Танимен, сондай-ақ Египет президенті Абдул Фаттах ас-Сисимен телефон арқылы сөйлесті.

«Кепілге алынған адамдарды босату мәселесі атысты тоқтату режимін дереу орнатуға және Газа секторы бейбіт тұрғындарының жағдайын жеңілдетуге бірден-бір кедергі», - деп атап өтті Байден Египет пен Қатар көшбасшыларының әрқайсысымен телефон арқылы байланыс кезінде.

АҚШ, Қатар және Египет Израиль мен ХАМАС ұйымы арасындағы қақтығыстың маңызды делдалдары болып саналатынын еске салды AFP агенттігі.

Египет, Қатар және ХАМАС өкілдері 29 сәуір күні Каирде келіссөздер жүргізді. Бірақ олардың нәтижелері бойынша ХАМАС тарапынан ешқандай реакция болған жоқ. Дереккөздерге сілтеме жасаған AFP содырлар Египет астанасынан кетіп, ХАМАС-тың «саяси бюросы» орналасқан Дохаға бет алғанын жазды.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91