Париж Берлинді еуропалық қорғанысты бірлесіп нығайтуға шақырды

Сержурне АҚШ-тың жақын одақтас болып қалуы керектігін, бірақ Еуропа өзінің егемендігі мен стратегиялық автономиясын дамыта алуы керектігін айтты 

Нұрдәулет Кәкіш
29/04/2024 - 10:44

Фото: RFI

Фото: RFI

Францияның Сыртқы істер министрі Стефан Сежурне Германияны еуропалық қорғаныс өнеркәсібін бірлесіп нығайтуға күш салуға шақырды, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі Die Welt газетіне сілтеме жасап.

«Еуропалық қорғаныс құрылысының әр кезеңіндегі сияқты Франция мен Германия мақсат қойып, тез әрі шешуші әрекеттерге бірлесіп жауап береді», - деді Сержурне 29 сәуірде немістің Die Welt газетіне берген сұхбатында.

Осылайша, ол Франция президенті Эммануэль Макронның бірнеше күн бұрын айтқан тезистерін жалғастырды.

Франция СІМ басшысы Еуроодақтың екі жетекші елі де небір жобаны жүзеге асырғанын, бұған дейін коронавирустық пандемия кезінде еуропалық қалпына келтіру жоспарын атап өтті.

Сондай-ақ Сежурне еуропалық деңгейдегі қару-жарақ жүйелерін стандарттауға шақырды. Министрдің пікірінше, әскери материалдарды барлық елдер еш қиындықсыз пайдалана алуы керек.

«Бұл НАТО-ның еуропалық құрамдас бөлігін нығайтудағы маңызды қадам болар еді», - деді Сержурне АҚШ-тың жақын одақтас болып қалуы керектігін, бірақ Еуропа өзінің егемендігі мен стратегиялық автономиясын дамыта алуы керектігін алға тартып.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91