«Зеркало недели»: Украина әскерилері тұрғындардың көліктерін алып кетуге құқылы

Киев соғыс кезінде адам құқықтары туралы конвенциядан шығады 

Нұрдәулет Кәкіш
29/04/2024 - 09:43

Фото: Hanna Sokolova-Stekh/DW

Фото: Hanna Sokolova-Stekh/DW

Украина Еуропа Кеңесіне соғыс жағдайына байланысты адам құқықтары мен бостандықтары жөніндегі Еуропалық конвенцияның кейбір тармақтарын ішінара тоқтата тұру туралы өтініш берді. Тиісті құжат халықаралық ұйымның сайтында жарияланды. Онда өтінімнің өзі 4 сәуірде берілгені көрсетілген, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі.

Өтінімге сәйкес, Украина соғыс уақытында Конвенцияның ережелерін ұстануды тоқтатады: тұрғын үйге қол сұғылмаушылық (мемлекет мұқтажы үшін жеке немесе коммуналдық мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығаруға дейін); хат алмасу, телефон арқылы сөйлесу және басқа да хат-хабарлардың құпиясы; жеке және отбасылық өмірге араласпау; қозғалыс еркіндігі және тұрғылықты жерді еркін таңдау; ой және сөз бостандығы; пікірді еркін білдіру, сондай-ақ ақпаратты жинау, сақтау және тарату құқығы; жиналыстар, митингілер мен ереуілдер өткізу құқығы; өз мүлкіне иелік ету, пайдалану және билік ету құқығы.

Сондай-ақ құжатта соғыс жағдайы кезінде конвенцияны бұза отырып енгізілуі мүмкін нақты шаралар мен іс-әрекеттер: жеке немесе коммуналдық мүлікті мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару; коменданттық сағатты енгізу; келіп-кетудің ерекше режимі, азаматтар мен шетелдіктердің қозғалысын, көлік қозғалысын шектеу; заттарды, көлікті, багажды, жүктерді, қызметтік мүлікті тексеру азаматтардың үй-жайлары мен тұрғын үйлеріне тыйым салу; әскери немесе арнайы есепте тұрған азаматтарға тұрғылықты жерін немесе болатын жерін тиісті рұқсатсыз өзгертуге тыйым салу; жеке және заңды тұлғалар үшін әскери алым белгілеу.

Украинада Ресейдің әскери шабуылына байланысты әскери жағдай мен жалпы жұмылдыру жалғасуда. «Зеркало недели» басылымы әскери жағдай режимі кезінде әскери күштердің барлық меншік нысандарындағы кәсіпорындардан, билік және өзін-өзі басқару органдарынан, сондай-ақ бейбіт тұрғындардан автокөлік пен кейбір техниканы алуға құқығы бар екенін еске салды. 

×

Редакция

$ 443.44  480.51  4.88