Таулы Қарабақтың экс-премьері тергеу изоляторында аштық жариялауын тоқтатты

Миллиардер 2023 жылдың қыркүйегінен бері Бакуде қамауда отыр

Нұрдәулет Кәкіш
26/04/2024 - 14:49

Фото: Әзербайжан Шекара қызметі

Фото: Әзербайжан Шекара қызметі

Таулы Қарабақ мойындалмаған республикасының бұрынғы «Үкімет басшысы», кәсіпкер Рубен Варданян Әзербайжан тергеу изоляторында үш аптадан кейін аштық жариялауын тоқтатты. Бұл туралы оның отбасы Варданян Telegram арнасында жариялады, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі.

«Рубен Варданянның отбасы оны аштықты тоқтатуға көндіре алды, өйткені оның денсаулығы мен жағдайы нашарлады. Отбасы мүшелері оған Әзербайжанға әртүрлі елдердің билік өкілдерінің қысымының артып келе жатқандығы туралы жеткізді. Қамауға алынған армяндарды босату бойынша шаралар қабылданып жатқанын естіген Рубен Варданян отбасының бұл өтінішіне құлақ асып, жақындарының тыныштығы үшін аштық жариялауын тоқтатуға келісті», – делінген хабарламада.

Миллиардер Рубен Варданян «Тройка Диалог» инвестициялық компаниясының бұрынғы басшысы әрі негізгі серіктесі. Ол 2023 жылдың 27 қыркүйегінде Әзербайжан шекара бекетінде Таулы Қарабақтан Арменияға кетіп бара жатқан кезінде ұсталды. Келесі күні ол қамауға алынды. Варданянға терроризмді қаржыландыруға, заңсыз қарулы күштерді құруға және олардың қызметіне қатысы бар деген бірнеше бап бойынша айып тағылды. Ол 14 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

19 сәуір күні отбасы Варданянның Әзербайжан тергеу изоляторында аштық жариялағанын мәлімдеді. Варданянның аштық жариялауы адвокатының халықаралық-құқықтық стандарттарға сәйкес уақтылы әділ және ашық сот ісін жүргізу туралы бірнеше өтінішінен кейін, 5 сәуірде басталған.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91