АҚШ-тың Украинаға көмегі: 61 млрд доллар қандай мақсатта қолданылады?

Украина әскеріне снарядтар, сонымен қатар бомбалар мен басқа да жабдықтар қажет болып

Sarbaz.kz редакторы
25/04/2024 - 09:02

Фото: Kevin Lamarque/Reuters

Фото: Kevin Lamarque/Reuters

АҚШ сенаты Ресей басқыншылығына қарсы күресте Украинаны қолдау туралы заң жобасын мақұлдады. Бұл Киевке Мәскеуге қарсы тұруда қаншалықты көмектеседі? Украина әскеріне снарядтар, сонымен қатар бомбалар мен басқа да жабдықтар қажет. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Euronews агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Украинаға 61 миллиард долларлық әскери көмек туралы заң жобасы бірнеше айға созылып барып, АҚШ сенатында ақыры мақұлданды. Бұл қолдау Украина армиясы үшін нені білдіреді?

Украина Жоғарғы Радасының депутаты Давид Арахамия бұл Ресейдің жаңа шабуыл жасауына дейін алдыңғы шепті күшейтеді деп санайды.

«Алдыңғы шептегі әскерге негізінен әртүрлі калибрлі снарядтар, сондай-ақ әуе бомбалары, басқарылатын бомбалар және т.б. қажет. Өйткені ресейліктер қарсы шабуылға дайындалып жатыр, ал бізге оларды тоқтату үшін жаппай техникалар қажет», – деді президенттік «Халық қызметшісі» партиясының фракция жетекшісі Давид Арахамия.

Бірақ Украина оппозициясы логистикалық проблемалар мен бюрократиялық кедергілер қару-жарақ жеткізуді бәсеңдетуі мүмкін деп санайды.

«Қарулы күштер сарбаздардан қорғанысты күшейтуюі сұрайды деп күтетін болармыз. Бұл – бірінші нәрсе. Ал екінші нәрсе, олар оқ-дәрілері мен жүйелерін жаздың ортасында алған соң сарбаздар үшін жаңа қорғаныс стратегиясы дайындалады», – деді Вадим Ивченко, оппозициялық депутат, Украина Жоғарғы Радасының Ұлттық қауіпсіздік, қорғаныс және барлау комитетінің депутаты.

Тегтер

×

Редакция

$ 443.44  480.51  4.88