Бұл сыйлық Франция президентіне «Ресейдің Украинаға басып кіруінің басында қақтығысты тоқтату үшін тынымсыз күш салғаны үшін» берілгелі отыр
Франция президенті Эммануэль Макрон 2024 жылғы халықаралық Вестфалия бейбітшілік сыйлығына ие болды. Бұл туралы Вестфалия мен Липпе экономикалық қоғамы (WWL) мәлім етті. Марапат лауреатқа Мюнстерде 28 мамыр күні оның Германияға сапарының үшінші күні беріледі, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі.
Бейбітшілік сыйлығы Француз көшбасшысына «Ресейдің Украинаға басып кіруінің басында қақтығысты тоқтату үшін тынымсыз күш салғаны» үшін беріліп отыр.
Сапар барысында Макронды Вестфалия бейбітшілік сыйлығының қазылар алқасының басшысы ретінде Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайер ертіп жүреді.
Халықаралық Вестфалия бейбітшілік сыйлығы 1998 жылы Мюнстер мен Оснабрюкте жойқын отыз жылдық соғыстан кейін жасалған Вестфалия бейбітшілік келісімін еске алу үшін құрылды. Сыйлық екі жылда бір рет беріледі. Лауреат 100 мың еуро алады, бұл ең үлкен неміс бейбітшілік сыйлығы және еуропалық интеграцияға ерекше үлес қосқан адамдарға, ұйымдарға немесе мемлекеттерге беріледі.
26 жыл ішінде оған, атап айтқанда, Чехияның бірінші брезиденті Вацлав Гавел, ГФР-дің бұрынғы канцлерлері Гельмут Коль және Гельмут Шмидт, Францияның бұрынғы президенті Валери Жискар д ' Эстен, БҰҰ-ның бұрынғы Бас хатшысы Кофи Аннан, ХҒС экипажы, Иордания Королі Абдалла екінші және үш Балтық елдері - Эстония, Латвия және Литва ие болған.