Жапонияның Қорғаныс министрлігі 500-ге жуық киберқауіпсіздік мамандарын қызметке алады

Америкалық БАҚ қытайлық әскери хакерлердің Жапонияның қорғаныс желілеріне қол жеткізгені туралы хабарлаған

Ұлас Үсенбай
11/08/2023 - 23:36

Фото ашық дереккөзден

Фото ашық дереккөзден

Жапонияның Қорғаныс министрлігі ғарыш және киберқауіпсіздік салаларындағы әлеуетті арттыру үшін 500-ге дейін жаңа техниктерді жалдауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі ТАСС сайтына сілтеме жасап.

Nikkei Asia басылымы Қорғаныс министрлігінің сарапшыларына сілтеме жасай отырып, көптеген техникалық және әкімшілік қызметкерлерді жалдау «Жапонияның өзін-өзі қорғау күштерінің өз міндеттерін орындауы үшін өте маңызды» деп атап өтеді.

Келесі жалпы штаттық кеңейту соңғы жылдардағы ең үлкен және 2024 жылдың қаржы бюджеттік өтініміне енгізіледі. Қазір департамент қабырғасында ғарыш және киберқауіпсіздік бойынша 20 мың маман жұмыс істейді. 2019 жылдан бастап Қорғаныс министрлігі техникалық және әкімшілік құрамын жыл сайын кеңейтіп келеді. 2023 жылы 355 жаңа қызметкер қабылданды.

Мамандар шетелдік спутниктерді бақылаудан бастап зерттеулер жүргізуге және жаңа жабдықты әзірлеуге дейінгі кең ауқымды функцияларды орындайды. Олар сондай-ақ оқ-дәрі қоймалары мен өзін-өзі қорғау күштерін пайдаланатын басқа да нысандарды, кемелер мен ұшақтарды жөндеу және жанармай құю, күзет базаларын бақылайды.

Бұған дейін америкалық БАҚ қытайлық әскери хакерлердің Жапонияның қорғаныс желілеріне қол жеткізгені туралы хабарлаған болатын. АҚШ кибер шабуылды 2020 жылдың күзінде анықтап, Жапония үкіметін хабардар етті. Жапония қорғаныс министрі Ясуказу Хамада бұл ақпаратты жоққа шығарып, агенттік өз желілерінен құпия деректердің алынғандығы тіркемегенін айтты.

Тегтер

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91