NYT: АҚШ Израильге Иранға шабуылмен жауап бермеуге кеңес берді

Израиль Иранның шабуылы «соғыс жариялау» деп мәлімдеді

Нұрдәулет Кәкіш
15/04/2024 - 10:20

Фото: Evelyn Hockstein / Reuters

Фото: Evelyn Hockstein / Reuters

АҚШ президенті Джо Байден Израильге Таяу Шығыста одан әрі шиеленісіп, ауқымды соғысты болдырмау үшін Иранға қарсы шабуыл жасамауға кеңес берді, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі  Тhe New York Times (NYT) газетіне сілтеме жасап.

Басылымның хабарлауынша, АҚШ шенеуніктері Израиль аумағында бір күн бұрын ұшырылған зымырандар мен ұшқышсыз ұшақтардың барлығын дерлік ұстап алу елді Иранмен қақтығыста алға шығарды және Израильдің жауларына өзін қорғай алатындығын дәлелдеді. Бірақ АҚШ шенеуніктері Израиль тарапына оқ жаудырудың қажеті жоқ екенін айтты.

Сонымен қатар Израиль президенті Ицхак Герцог Sky News-ке берген сұхбатында Иранның шабуылы «соғыс жариялау» деп мәлімдеді. Ол Израиль бұдан әрі әрекет етудің барлық нұсқаларын қарастырып жатқанын және елдің өзін қорғау үшін қажетті қадамдар жасайтынына сенім білдірді. Бұған дейін израильдік БАҚ мемлекет Иранның шабуылына жойқын жауап дайындап жатқанын жазған болатын. NYT Израиль шенеуніктерінің америкалық серіктестерімен шабуыл түнінде сөйлескен кездегі эмоциялары «масштабтан тыс» болғанын хабарлайды.

Кейінірек американдық CNN Израильдегі дереккөзге сілтеме жасап, ел Тегеранның шабуылына қалай жауап беру керектігін әлі шешпегенін хабарлады.

14 сәуірге қараған түні Иран Израильге жаппай әуе шабуылын жасады. Израиль қорғаныс армиясының (ЦАХАЛ) мәліметтері бойынша, елге 170 дрон, 120-дан аса баллистикалық зымыран және 30-дан аса қанатты зымыран шабуыл жасамақ болған, бірақ Израиль мен оның одақтастары олардың 99 пайызын атып түсірген, олардың көпшілігі елден тыс жерлерде атылған. Тек бірнеше зымыран Израиль аумағына жетіп, оңтүстіктегі әуе базасына кіріп, аздаған зиян келтіргенін мәлімдеді ЦАХАЛ.

Ираннан басқа, Израильге Йемендік хуситтер, сондай-ақ Ирак территориясынан Иранға қарсы топтар соққы берді.

Тегеран 10 сәуірде Израильді Сирия астанасы Дамаскідегі Иран консулдығының ғимаратына соққы бергені үшін кек алуға сес көрсетті. Атыс кезінде Ислам революциясының қамқоршылар корпусының жеті мүшесі, оның ішінде екі генерал қаза тапты. Осыдан кейін Иранның рухани жетекшісі аятолла Әли Хаменеи «сионистік режим жазаланады» деп мәлімдеді.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85