Иранның шабуылына байланысты Израиль қорғаныс армиясы енгізілген шектеулерді алып тастады

Израиль бойынша білім беру қызметін қалпына келтіру туралы шешім қабылданды

Нұрдәулет Кәкіш
15/04/2024 - 09:58

Фото: Синьхуа

Фото: Синьхуа

Иранның шабуылына байланысты Израиль қорғаныс армиясының тыл қолбасшылығы (ЦАХАЛ) енгізілген Қоғамдық шектеулерді жойды, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі  Интерфакс агенттігіне сілтеме жасап.

«Осы өзгерістер аясында бүкіл Израиль бойынша білім беру қызметін қалпына келтіру туралы шешім қабылданды», - делінген Израиль әскерінің телеграм арнасында.

Солтүстік шекарадағы аудандарда және Газа секторына жақын орналасқан қауымдастықтарда білім беру іс-шаралары қайта басталады, бірақ шектеулер бар.

Бұл нұсқау балабақшаларға, университеттерге, мектеп экскурсияларына және лагерьлерге де қатысты.

Сонымен қатар 1 мыңнан астам адамнан тұратын жиналыстарға шектеу алынып тасталады.

Бұл мәлімдеме армия шектеулер дүйсенбі күні сағат 23.00-ге дейін болатынын жариялағаннан бірнеше сағат өткен соң жасалды.

Иран Израильге Дамаскідегі Иран консулдығына жасалған әуе шабуылына жауап ретінде жексенбіге қараған түні шабуыл жасады.

ЦАХАЛ Иранның Израиль аумағында кем дегенде 200 зымыран мен дрон атқанын, олардың көпшілігін Әуе қорғанысы күштері ұстап алғанын хабарлады.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85