Босқындар лагеріне жасалған соққыдан ХАМАС басшыларының бірінің үш ұлы мен бірнеше немересі көз жұмды
Иран президенті Ибрахим Раиси ХАМАС тобының жетекшісі Исмаил Ханияға Израильдің соққысы кезінде ұлдарының қайтыс болуына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі Rokna News Agency-ға сілтеме жасап.
«Әл-Шати лагеріне шабуыл жасаудағы қатыгез сионистік режимнің сіздің үш қымбат балаңыздың, сондай-ақ олардың үш баласының шейіт болуына әкелген бассыз әрекеттері маған және Иран халқына қатты әсер етті», - делінген Раисидің ХАМАС көшбасшысына жолдаған жеделхатында.
Бұған дейін Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған да Ханияға көңіл айтты.
10 сәуірде ХАМАС жетекшісі Исмаил Хания Газа секторының солтүстік-шығысындағы Шати босқындар лагеріне жасаған Израильдің соққысынан оның үш ұлы мен бірнеше немересін көз жұмғанын хабарлады. Ханияның айтуынша, ХАМАС пен Израиль арасындағы соғыс басталғаннан бері оның 60-қа жуық туысы қаза тапқан.