Гавай аралдарында болған өрттен қаза болғандар саны 53 адамға жетті

Алапат өрт салдарынан 271 инфрақұрылым нысаны қирап, ондаған адам жараланған

Нұрдәулет Кәкіш
11/08/2023 - 17:47

Фото ашық дереккөзден

Фото ашық дереккөзден

Гавай аралдарындағы орман өртінен 53 адам қаза тапты. Бұл туралы Мауи округінің билігі мәлім етті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

«Өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда. Бүгін Лахайндағы өрттен тағы 17 адам қаза тапты. Осылайша, қаза тапқандар саны 53-ке жетті», - делінген CNN келтірген биліктің мәлімдемесінде.

Бұған дейін 36 адам қаза тапқаны туралы хабарланған болатын.

Штат губернаторы Джош Грин телеарнаға құрбан болғандардың саны 60-тан асуы мүмкін екенін айтты. Ол 1960 жылы 61 адамның өмірін қиған цунамиді еске түсірді.

«Мен бұл жолы қаза тапқандардың жалпы саны одан әлдеқайда көп болуы мүмкін деп алаңдаймын», - деді ол.

Мауи аралының батыс жағындағы Лахайна қаласы отты дауылдың ауыртпалығына тап болды.

Өртке қарсы күресте ілгерілеушілік бар екенін мәлім еткен билік Лахайндағы өрттің қазіргі уақытта 80% оқшауланғанын жеткізді.

Жергілікті биліктің мәліметінше, алапат өрт салдарынан 271 инфрақұрылым нысаны қираған. Ондаған адам жараланған.

Тегтер

×

Редакция

$ 481.84  531.33  5.07