Оның айтуынша, Рафахқа шабуыл Газа секторындағы израильдік тұтқындарды босату және ХАМАС-ты жеңу үшін қажет
Рафахта құрлықтағы операция өтеді, оның мерзімі келісілген. Бұл туралы Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мәлімдеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.
«Бұл болады, күн белгіленді», - деп жазды Б.Нетаньяху әлеуметтік желідегі аккаунтында.
Оның айтуынша, Рафахқа шабуыл Газа секторындағы израильдік тұтқындарды босату және ХАМАС-ты жеңу үшін қажет.
Бір күн бұрын Израиль қорғаныс министрі Йоав Галлант Израиль армиясы Рафахқа шабуылға дайындалып, Хан-Юнустан өз бөлімшелерін шығарғанын айтты.
Газа секторының оңтүстігіндегі Рафах қаласында 1,5 млн палестиналық азамат Израиль армиясының шабуылдарынан пана тапты.